ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Мен "Нимоджи Қазақстан" қосымшасын жүктедім, бірақ, нимоджи қосымша батырмалары көрінбей тұр.
© Nimoji Software Limited
Қандай қосымша жүктегеніңізді қайта тексеріңіз. Тек Apple – iMessage мессенджерлері бар iOS 10 және одан жоғары нұсқаларда стикер-нимоджиларды қолдануға болады. Олар өзге танымал мессенджерлерде жасамайды. AppStore-да стикерлердің көптеген жиынтығы бар, бірақ олардың "Тек iMessage-ге арналған" деген белгісіне назар салу керек. Сондықтан, егер сіз "Қазақ Эмоджилері", " Қазақ Эмоджилері Gold", "Қазақ Эмоджилері Спорт", "Қазақ Эмоджилері Ауа-райы", "Қазақ Эмоджилері Ақсәуле", "Қазақ Эмоджилері Ақсәуле Gold" стикерлерін жүктесеңіз, бұл стикер-нимоджилер тек iMessage-тен ғана ашылады және мессенджерлерден көрініп тұратын болады. Егер сіз өзге танымал мессенджерлерде аталған ситкерлерді көргіңіз келсе, "Нимоджи Қазақстан" тегін қосымшасын жүктесеңіз болады.
Мен баптаудан батырманы қосқым-ақ келеді, бірақ сұр түсті болып көрініп тұр. Не істесем болады?
Алаңдамаңыз, кейбір телефон үлгілерінде және Андроид операциялық жүйесінің кей түрлерінде мұндай жағдайлар болып тұрады. Ойланбастан батырманы қоса беріңіз! )))
Мен стикер-нимоджи жіберейін деп ашсам, сурет жоқ, тек жүктеу кезіндегі сақина айналып тұра қалады. Бұл не? Менің нимоджиларым қайда?
Нимоджи қосымшасы ғаламторға қосылып тұрған кезде ғана стикер-нимоджиларды жолдауға мүмкіндік береді. Стикер-нимоджиды жүктеу үшін де ғаламтордың болғаны жөн. Егер жүктеу кезіндегі сақина әлі айналып тұрса, сіз желіде емессіз немесе ол дұрыс жасамай тұр.
Мен біреуге стикер-нимоджи жіберсем, бейнелерді көруі үшін бұл қосымшаны ол да жүктеуі тіис пе?
Егер сіз "Нимоджи Қазақстан" қосымшасын қолдансаңыз, бейнелерді барлық мессенджер (Skype-тан басқа) арқылы жолдай аласыз. Сіз жіберген стикер-нимоджиларды көру үшін сөйлесушіңізге бұл қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Дегенмен, неге болмасқа? Сіздің досыңызға біздің қосымшамыз бен оның кейіпкерлері ұнайды деп сенеміз
Стикер-нимоджиларды қандай мессенджерлер арқылы жолдай аламын?
Сіз стикер-нимоджиларды Skype –тан басқа барлық негізгі мессенджерлер арқылы жолдай аласыз. Сіз жіберген стикер-нимоджиларды сөйлесушіңіз WhatsApp, Viber, Facebook Messenger, iMessage, Telegram арқылы көре алады.
Клавиатурада "свайп" тәсілін қолдануға бола ма?
Әзірге болмайды. Осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Т9 енгізіле ме?
Негізінде бұл тәсіл көптің жүйкесіне тиеді. Бірақ, бұны да қарастырып жатырмыз.
Сұрағыңыздың жауабын таппай отырсыз ба?
"Кері байланыс" айдарына жазуңызды өтінеміз. Біз мүмкіндігімізше тезірек жауап береміз.
iOS. Қосымшаны жүктеп едім, бірақ ол бастапқы бетте кескіндемелердің арасынан көрінбейді?
Тексеріп көріңіз, телефоныңызда "Нимоджи Қазақстан" қосымшасын белсенді батырмалар қатарына енгізбеуіңіз мүмкін. Мына операцияны орындау арқылы "Нимоджи Қазақстан" қосымшасын қолдана аласыз: "Баптау" -> "Тіл мен клавиатура". Көбіне "Клавиатура және енгізу әдісі" немесе "Клавиатура және енгізу тәсілі" деп аталатын бөлімнен "Nimoji Keyboard" батырмасын таңдайсыз. Осыдан кейін бұл батырманы күнделікті қолданатындай етіп бекітіп қойыңыз. Андроидтың кей түрлерінде және өзге де телефондарда өзгеше болуы мүмкін, бірақ қандай жағдай болмасын, батырманы күнделікті қолдануға бекіту үшін "Тіл мен клавиатура" бөлімінен таба аласыз. "Nimoji Keyboard" тұрақты батырма ретінде таңдалған соң, бұл барлық қосымшаларда көрініп тұратын болады.
Мен "Нимоджи Қазақстан" қосымшасын жүктедім, бірақ нимоджидің қосымша батырмалары көрінбей тұр. Неге?
Сіз "Нимоджи Қазақстан" қосымшасына толық мүмкіндік бермеген болуыңыз мүмкін. Батырманы негізгі клавиатуралар тізіміне қосу керек ("Баптау" -> "Негізгі" -> "Клавиатура" -> "Клавиатуралар" -> "Жаңа клавиатура") және батырма негізгілер қатарынан көрінген кезде бірден таңдау қажет. Осыдан кейін батырмамен жұмыс жасауға мүмкіндік туады.
Қосымша жүктелді, стикерлерді қарап отырамын, біреуін таңдасам, "енді эмоджиді мәтінге қосыңыз" деген жазу шығып тұр, ары қарай не істерімді білмей отырмын?
Сіз кейіпкерді таңдаған кезде, ол жадқа көшіріледі. Енді тек мәтінге апарып, "қою" белгісін басып, стикеріңізді қоя аласыз.
Қосымша мен суреттер Nimoji – Nimoji Software Limited компаниясының өнімдері E-mail: info@nimoji.com
Made on
Tilda